$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда жатақханадағы өрт оқиғасы бойынша екі адам сот алдында жауап береді

AstanaTV
28.08.2024ж. 14:51
254
Алматыда жатақханадағы өрт оқиғасы бойынша екі адам сот алдында жауап береді

Алматы прокуратурасы 13 адам қаза тапқан "Алматы" жатақханасындағы өртке қатысты іс тергеудің қай сатысында екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, өрт оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігімен "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуы немқұрайлық арқылы" аяқталды және танысу сатысында.

"Іс бойынша қаза тапқан 13 адамның туысы жәбірленуші деп танылды. Бұл бойынша екі адам осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікке ілінді. Материалдармен танысу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сот инстанциясының сотына жіберіледі", – деп хабарлады Алматы прокуратурасы.

Өртке оранған хостелде тұрған студенттердің қай жоғары оқу орынында оқығаны айтылды

Жоғары оқу орындарының Алматыдағы хостелмен келісім жасаспағаны анықталды

Еске салайық, былтыр 30 қараша күні Алматыдағы Шәріпов көшесінде орналасқан хостелде өрт шығып, 13 адамның қаза тапқаны туралы жазған едік. Қаза тапқандардың ішінде 4 шетел азаматы да бар. Кейіннен президент Тоқаев қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, ал Алматы әкімдігі өрттен қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына 1 миллион теңгеден берілетінін мәлімдеді.

Оқиға орнына келген Алматы әкімі Ерболат Досаев жатақхананың заңсыз жұмыс жасағанын айтқан. Әкімдіктің мәліметінше, өртенген “Аlmaty hostеl” жатақханасы кепіл ретінде банктердің біріне тиесілі. Жатақхана осыдан 1,5 ай бұрын жалға алынған жертөлені заңсыз ауыстырып ашылған. Өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды.