$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«AMANAT» партиясының өкілі балаларға мектепке қажетті құрал жабдықтар табыстады

28.08.2024ж. 20:00
220
«AMANAT» партиясының өкілі балаларға мектепке қажетті құрал жабдықтар табыстады

«Amanat» партиясының бастамасымен «Баланы мектепке даярлайық» қайырымдылық акциясы өтуде. Шараның мақсаты- әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылары және мүмкіндігі шектеулі балаларға мектепке қажетті құрал жабдықтар сыйлау. Жоба тамыз айында басталды. Бір ай көлемінде Астанада 750 оқушыға сөмкелер мен оқулыққа керекті саймандар табысталған. 

Мұхаммед БОЛЫСБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

"Балаларды мектепке даярлайық" акциясын бастап жүзеге асыра бастадық. Жыл сайын республикалық барлық өңірде осы балаларды мектепке даярлайық республикалық акциясы бастау алады. Биылда мынау өзінің жалғасын тауып отыр. Акцияға сәйкес 60 ата-анаға, олардың енді бір баласы бар екі баласы бар бастауыш сыныптарға мектепке қажетті яғни сөмке дейміз соны беріп қуантып жатырмыз.

Партияның Оралдағы өкілдері де қолдауды қажет ететін жанұяларға жылдағыдай көмек қолын созды. Оқу құралдарын балаларға тарту етті. Ізгі істі іліп әкеткен қалалық мәслихат депутаты 30 оқушыны қуантып, оқу құралын әперді. Бұған дейін ол мектепке күрделі жөндеу жұмыстары үшін арнайы техникасын ұсынып көмектескен. Сауапты іске ата-аналар мен оқушылар алғысын білдірді. 

ГҮЛЖАЙНА АМАЛБЕКОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Дачада квартирада тұрып жатқанда су алып кетті ғой. Соның жағдайында жүріп қалдық. Біздің бірінші рет алған көмегіміз. Ертең киіндіреміз енді бұйырса.

РИНАТ НҰРҒАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Балалар - біздің болашағымыз. Болашағымыз жарқын болуы үшін осы акцияға келіп қатысып жатырмыз. Қазіргі таңда 17-мектептен 10 оқушы, 19-мектептен 10 және 27-мектептен 10 оқушы. Тағы бір айта кететін жағдай, біз өзіміздің мекемеден 150-ден астам оқушыға оқу құралымен қамтыған болатынбыз. Олар енді көпбалалы отбасылар, аз қамтылған отбасы, соларға өз мекемеміздің атынан ұсынып отырмыз.