"Қаланың қасында тұрып батпаққа батып, жолға жарымай отырмыз". Бұл -Алматы қаласындағы Әйгерім ықшам ауданының тұрғындарының жанайқайы. Биліккен өкпеміз қара қазандай деген жұртшылықтың мәселесін тілшіміз тыңдап келді.
Бұл ықшам ауданның көшелері соңғы 7 жылда мулдем назардан тысқалған көрінеді. Бұған тұрғындар ашулы. Құзырлыларға талай мәрте барып айтқан, бірақ тек уәдеге тойып келеміз дейді.
БІРЖАН ҚАСАБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Мына біреу дайын Рысқұлова деген көше бар ғой осы көпшілік біледі. Соны жылда қырып алады да, қайтадан жаңалап салады. Құдай ау ол әлі трещина берген жоқ. Әлі срок службасы біткен жоқ оның. Мен жылда жүрем сол жолмен. Міне биыл тағы қырып, проблема жасап, Акимат соған неге құмар білмеймін. Одан да сол асфальтті ақыры қырып жатыр, бізге әкеліп салып берсін сол қырғанын. Міне мына шаңы шыққан көшеден ең болмағанда бала шағамыз жүрсін .
ЖАНБОЛАТ НҰРБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Бұл жерде жол жаман болғаннан кейін автобустар кірмей жатыр. Нақты талабымыз Әкімшіліктен талап етіп отырғанымыз, орталықтанған кәріз жүйесін жүргізіп берсін. Орталықтанған су жүйесін жүргізіп берсін. Содан кейін мына жолды жасап берсін.
Шу шыққан жерге жауаптылар да келді. Әкімдіктегілердің айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын бұл мәселелерді шешуге қаржы бөлінген. Алайда жарты жолда қаржы жымқырылып, мердігер мекеме қызметкерлері заңды түрде жазаға тартылыпты.
ҚАНАТ ӘШІРБЕКОВ, АЛАТАУ АУДАНЫ АППАРАТЫ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасы тарапынан КОМстрой монтаж Жилстрой деген екі мердігер мекемені осы су және кәріз жұмыстарына ақша бөлінген болатын. Алайда ол мердігер мекемелер өз жұмыстарын толық аяқтамағаннан кейін оны Алматы қаласы Бостандық аудандық соты кінәлі деп таныды.
Былтыр ауданды энергетика және сумен жабдықтау бойынша жоба жасалған. Бірақ, мұндағы халық санының артуына байланысты қайта өңделіп жатқан көрінеді. Ал жолдың қашан салынары белгісіз.
ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:
Әйгерім ықшам ауданындағы тұрғындары жазда шаңға көміліп, жаңбыр жауса батпаққа бататын жолдан әбден шаршаған. Шахардың сырты деп шеттетпей бізге де көңіл бөлсін дейді. Егер жергілікті билік тез арада шара қолданбаса, қалалық әкімдікке шағымданамыз деп отыр.