$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Мемлекет басшысы БҰҰ Қарусыздану мәселелері жөніндегі жоғарғы өкілі Изуми Накамицуды қабылдады

28.08.2024ж. 20:00
149
Мемлекет басшысы БҰҰ Қарусыздану мәселелері жөніндегі жоғарғы өкілі Изуми Накамицуды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Қарусыздану мәселелері жөніндегі жоғарғы өкілі Изуми Накамицуды қабылдады. Кездесу барысында аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау ісінде Қазақстанның БҰҰ институттарымен жан-жақты ықпалдастығының перспективалары талқыланды. Өз кезегінде жоғарғы өкіл Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық үдерісте көшбасшылығын жоғары бағалады. Сондай-ақ еліміздің орта держава ретіндегі рөлі артып келе жатқанын ерекше атап өтті. Бұдан өзге, олар кездесуде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы пікір алмасты.