$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Президент тапсырмаларына Париж Олимпиадасының жүлдегерлері пікір білдірді

28.08.2024ж. 20:00
300
Президент тапсырмаларына Париж Олимпиадасының жүлдегерлері пікір білдірді

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Париж олимпиадасында жүлдемен оралған спортшылар мен олардың бапкерлерімен кездесіп, мемлекеттік наградалармен марапаттаған еді. Сондай-ақ спорт саласындағы бірқатар олқылықты баса айтып, тиісті тапсырмалар жүктеді. Бұл жүздесуден спортшылар не түйді, пікірлері қандай, тілшіміз тілдесті. 

Олимпиадада сенім артқан жерлестеріміздің көбі үмітті ақтаған жоқ. Мемлекет басшысы соңғы бес жылда жоғары жетістіктер спортына шығынның екі есе көбейгенін, бірақ соған сай нәтиже жоғын айтты. Алайда спортшыларға жан-жақты қолдау білдірудің маңызды екеніне, оған қоса федерациялар спортшылардың кәсібилігі мен денсаулығына бөлінген қаржыны мақсатқа сай жұмсауға тиістігіне мән берді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Спортшыларды даярлаудың бірыңғай стандартын әзірлеп, заманауи әдістемелер негізінде бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар қабылдау қажет. Спортшыларды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етуге федерациялар тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбей жатқанына жиі шағым түседі. Бүкіл әлем спорт медицинасы кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі екенін мойындап отыр.

Кездесуде жүлдегерлер мен бапкерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды. Мәселен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай "Құрмет" орденімен наградталды. Боксшы қыз Президент тапсырмасынан соң келесі Олимпиада ойындарында жақсы нәтиже көбірек боларына сенетінін жеткізді.

НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ, ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ:

Өзгерістер болу қажет ол әрқашан. Ерқашан бір орында тұрмаймыз. Бүкіл ел дамып жатыр. Біз де қалмай, сол жақсы өзгерістер болсын спортшыларымыз үшін. Жалпы негізі сол 2028-ші олимпиадада үлкен жетістікке жету үшін осы өзгерістер жақсы болады деп ойлаймын.

Кез келген легионер ұлттық құрамаға шақырту алғысы келетін жас әрі болашағынан көп үміт күттіретін атлеттеріміздің жолын кеседі. Легионер-спортшылардың жетістігі бүгін мерейіңді өсіргенмен, ертең абыройыңды асқақтатпайды – деді Мемлекет басшысы. Назым Қызайбай Президенттің бұл сөзін қолдайтын білдірді.

НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ, ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ:

Спортта енді әрине өзіміздің Қазақстанның спортшыларын шығарған дұрыс деп ойлаймын. Басқа легионерлер олай туған жері болмаған соң беріліп жұмыс жасамайды деп ойлаймын. Сондықтан енді өзіміздің жастарды, өзіміздің артымыздан ерген спортшыларды өсіру керек деп ойлаймын.

Спортшылар, ең алдымен, спортпен шұғылдануы керек. Спортшыларды іріктеу жұмыстары барынша ашық жүргізілуге тиіс. Президенттің осы пікірін Париж олимпиадасының финалисі Демеу Жадыраев та қолдайды.

ДЕМЕУ ЖАДЫРАЕВ, ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ:

Бәрін айтты деп ойлаймын кеше Президентіміз. Соған енді іске асып жатса оған біз қуаныштымыз. Біз енді спортшылар спортпен ғана айналысамыз. Енді бізге тапсырма береді, соны орындаймыз. Біз енді шәкірт болғаннан кейін бізге айтады, біз істтейміз соны. Әлемдік деңгейге сай жастарымыз өте көп. Олардан чемпиондар шығады болашақта. Барлығы мықты. Біздің грек-рим күресінің бай тарихын жалғастыратын балуандарымыз бар.

Бұдан бөлек екі спортшымыз да әзірге уақытша демалыс алып, спорттағы жоспарларын алдағы уақытта құрмақ.