$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Оралда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді

28.08.2024ж. 20:00
256
Оралда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді

Батыс Қазақстан облысында маман тапшылығы біртіндеп реттеліп келеді. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің жиі ұйымдастырылуы өз нәтижесін берген. Енді өз ісін ашқысы келетін жастарға көмек көрсетіледі. Өңірдегі оңды іс туралы тілшіміздің материалында. 

Ережеп Мұқасұлы ағаштан түрлі бұйым жасайды. Әсіресе балаларға арналған ойыншыққа сұраныс көп. Қайтарымсыз грант ұтып алған шебер енді ісін ілгерілейді дейді.

ЕРЕЖЕП МҰҚАСҰЛЫ, КӘСІПКЕР:

Енді Алла қосса, грант алған ақшама ЧПУ станок аламын. Сосын балаларға үйретемін. Ыңғайы бар балалар бар, келіп жүрген, істеп жүрген. Негізі соларды үйретемін. Сонда қолым да жүреді әрі уақыт өтеді әрі қосымша табыс.

Былтыр кәсіпкерлікке бейімі бар 800 адам грант алса, жастарға 2,5 пайызбен 1 миллиард 200 миллион теңге несие беріліпті. Бүгін 800 маманға жұмыс ұсынған "Талпын" мүмкіндіктер алаңы талпынған талай жасқа мүмкіндік бермек.

БАҚЫТЖАН НАРЫМБЕТОВ, БҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі дейін жүзеге асқан қандай мемлекеттік жобалар бар, "Ауыл аманаты" жобасы тұр. "Ауыл аманаты" бойынша 13 кәсіпкерді алып келдік, кооперативті. Олар өздерінің продукцияларын және жеткен жетістіктерін көрсетіп отыр. Бұдан бөлек, мемлекеттік органдар және қаржылық институттар консультациялар, кеңес береді.

Былтыр "Ауыл аманаты" жобасы аясында мыңға жуық адам 6,5 млрд теңге көмек алыпты. Жастар мұның үлкен көмек екенін айтады.