"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы Ақмола облысында жалғасуда. Шараға жиналған 500-ге жуық адам Бұқпа тауының бөктерін күл-қоқыстан тазартып, шаһар аумағын абаттандырды. Қала конақтары көп келетін бақылау алаңы да ретке келтірілді. Экологиялық акцияға мәслихат депутаттары, еріктілер мен «Жасыл ел» еңбек жасағының белсенділері қатысты. "Таза Қазақстан" шарасы басталғалы өңірдегі тарихи, мәдени ескерткіштердің айналасы ретке келтіріліп, 400-ден аса балалар алаңы абаттандырылды.
ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Осы уақытқа дейін бізде облыс бойынша 3500 мыңдай іс-шара өткен болатын "Таза Қазақстан" акциясы аясында. Қаламызда "Жасыл Ел" бағдарламасыда жұмыс жасауда. 280 жасөспірім бұл бағыт бойынша жұмыс жасады. Әрбір ауданда да дәл сондай жұмыстар жасалуда.