$487.24 €529.34 ₽5.02
×

М.Әшімбаев Парижде Паралимпиада ойындары аясындағы іс-шараларға қатысты

28.08.2024ж. 20:00
451
М.Әшімбаев Парижде Паралимпиада ойындары аясындағы іс-шараларға қатысты

Сенат төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев Париждегі паралимпиада ойындары аясындағы іс-шараларға қатысты. Ол ЮНЕСКО-ның Инклюзия жөніндегі конференциясында сөз сөйледі. Жиында кешенді қолдауды қажет ететін мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту мәселесіне баса мән берілді. Сенат спикері бұл бағытта медициналық аспектілер ғана емес, шығармашылық әлеуетін дамыту, сапалы білім беру, жұмысқа орналастыру және мемлекеттік басқару ісіне қатысуға жағдай жасалып жатқанын айтты.Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулемен және Халықаралық Паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонспен кездесті. Тараптар паралимпиадалық спорт түрлерін одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасты.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚАЗАҚСТАН БОЧЧА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мемлекет басшысының тапсырмасымен XVII Паралимпиада ойындарына Қазақстан делегациясын бастап келу – мен үшін зор мәртебе. Біздің елде параспорттың экожүйесін дамытуға үлкен көңіл бөлініп отыр. Қазақстан спорт және білім беру салаларындағы ауқымды саясат аясында параспортқа да басымдық беретін ұлттық стратегиялар әзірлеп жатыр. Біз ЮНЕСКО-ның баршаның спортқа тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалаймыз.