Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мұхтар Әбләзовтің ісі бойынша алдына ала сот тыңдалымы өтті

AstanaTV
17.03.2017ж. 20:00
2559
Мұхтар Әбләзовтің ісі бойынша алдына ала сот тыңдалымы өтті

Қашқын банкир Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары деп танылған үш адамға қатысты сот тергеуі аяқталуға жақын. Бүгін Алматыдағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдалым өтті. Сотқа айыпталушылардан бөлек бұрынғы БТА банкінің өкілі шақыртылған. 2 мың томнан астам іс қаралып, 200-ге жуық куәгер сұралмақшы.

Айыптау орындығында БТА Банкі басқарма төрағасының экс-орынбасары Жақсылық Жарымбетов, банктің департамент директоры Қайрат Садықов және бұрынғы басқарма төрағасы Садуақас Мәмеш отыр. Әбілязовтің мүддесін мемлекет тағайындаған адвокат Анжелика Әжіғұлова қорғайды. Тараптар қылмыстық істі басты фигурантсыз-ақ қарауға болатынын айтты. Ал адвокат Нұрлан Өстеміров Жақсылық Жарымбетовке қатысты қылмыстық істі тоқтатуға өтініш білдірді. Айтуынша, "Әбілязов құйтырқы әрекетке барып, өз қылмысын жасыру үшін міндеттемелерді айналасындағы адамдарға бөліп берген.

Айта кетейік, Әбілязов қылмыстық топ құрып, өзгенің мүлкін талан-таражға салды деп айыпталды. Заңсыз тапқан ақшасын заңдастыру және банк қаржысын заңсыз пайдалану күдігімен қудаланған топ ел қазынасына 1,5 триллион теңге зиян келтірген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл ұлттық бюросы ақпарат құралдары арқылы Әбіләзовті тергеуге шақыртты. Алайда ол тергеуге келмеді, бүгінгі сотта да төбе көрсетпеді.