$538.2 €629.64 ₽6.34
×

Астанада төрт адам лифтте қамалып қалды

AstanaTV
29.08.2024ж. 09:40
Астанада төрт адам лифтте қамалып қалды

Елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған адамдарға көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Астана қаласының Алматы ауданындағы бизнес орталықтардың біріндегі лифтте 4 адам қалып қойған.

Шақыру орнына келген құтқарушылар аспалы құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, олардың шығуына көмектесті. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - делінген мәліметте.