Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы артады

AstanaTV
17.03.2017ж. 20:00
2184
Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы артады

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының жылдық қуаттылығы 6 млн тоннаға дейін артады. Мұндай мүмкіндікке жаңғырту жұмыстарының екінші кезеңінің нәтижесінде қол жетпек. Зауыт өкілдері бүгін осы бойынша баспасөз релизін таратты.

Айта кетейік, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы 2 кезеңнен тұрады. Қазір ауқымды жұмыстың 1-кезеңі аяқталуға жақын. Бұл Кеден одағының талаптарына сәйкес 4-ші және 5-ші классты сұйық отын алуға бағытталған жоба. Бүгін сондай-ақ, аталған зауыттың 20-наурыздан бастап жоспарлы күрделі жөндеуге тоқтайтыны хабарланды. Үзіліс 1 мамырға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында жобаның екінші кезеңі қатар жүреді. Бұл кезеңде әлемдік стандартқа сәйкес өнім алуға қажетті қондырғы орнатылады.

Биыл мұнай өнімдерін нүктелік құю қондырғысын қолданысқа енгізу жоспарлануда, бұл отынды цистерналарға құю кезінде олардың булануын азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша қоршаған ортаға шығарылуы кемиді, экологияны жақсартуға үлес қосады.