$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда бес ай бойы іздеген әйелдің денесі табылды

AstanaTV
29.08.2024ж. 11:39
295
Павлодарда бес ай бойы іздеген әйелдің денесі табылды

Шалғынды жерді су басып кеткендіктен жоғалған әйелдің мүрдесі көп уақыт бойы табылған жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Vita іздеушілер ұйымының мәліметінше, 44 жастағы Жанар Солтан 6 сәуірде Май ауданы Малайсары ауылындағы үйінен шығып кетіп, қайта барар жолды ұмытып кеткен. Оның денесі бес айдан кейін ауылынан 3-4 шақырым жерде табылды.

– Шабындық жерде жұмысшылар шөп жауып жатқан кезде мүрдені тапқан. Біз қанша жерден іздеген болатынбыз. Шалғай жерді су басып, кейіннен шөп өсіп кеткендіктен, іздеу қиынға соқты. Бұған дейін тікұшақты іздеу жұмыстарына жұмылдыруға бірнеше рет сұрау салдық, алайда нәтиже болған жоқ,– деді еріктілер жасағының жетекшісі Екатерина Кудрявцева.

Еске сала кетейік, Май ауданында әйел адам полицейлерге 7 сәуірде қызы бір күн бұрын үйден кетіп, оралмағаны туралы хабарлаған болатын. Бұрын қызы үйден кетіп көрмеген және бағытынан жаңылған. Жедел уәкілдер дереу барлық аумақтық полиция бөлімшелеріне және жақын маңдағы аймақтарға бағдар берген. Жақын маңдағы ауылдарды, шалғындарды, жайылымдарды және шалғынды жерлерді, Ертіс өзенінің жайылмасында іздестіру жүргізген.