Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Аттестация кезінде мемлекеттік қызметкерлердің жалған құжаттары әшкереленді

AstanaTV
17.03.2017ж. 20:00
3228
Аттестация кезінде мемлекеттік қызметкерлердің жалған құжаттары әшкереленді

Мемлекеттік қызметтегі басшылар жалған құжатпен ұсталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлайды.

Мекеме "Б" корпусын кешенді аттестациялау деңгейінің бірінші кезеңін қорытындылады. Сынақтан сүрінгендер бар. Мысалы, Астана қаласы көлік жолдары басқармасы және Маңғыстау облыстық индустриалды-инновациялық даму басқарамасы басшыларының қызметі төмендетілген. 

Айгүл Шаимова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚ агенттігі төрағасының орынбасары:

Астана қаласы көлік жолдары басқармасы бастығы жалған сертификатпен өткен, ал Маңғыстау облыстық басқарма бастығы мемлекеттік қызметке өтіп тұрып, жоғары білімі туралы жалған диплом тапсырған. 

Жоғары аттестациялық комиссиядан 1139 қызметкер өтті. Оның 36-ның қызметі төмендеп, керісінше, 130-ның лауазымы өсті, ал 973 шенеунік лауазымына лайық деп танылды.

Айгүл Шаимова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚ агенттігі төрағасының орынбасары:

Қызметі төмендегендердің көбі Орталық мемлекеттік органдарда. Әсіресе Инвестициялар және даму министрлігінде. Ал жергілікті атқарушы органдар ішінде қызметі төмендегендер саны Қостанай облысында көп.