Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясы өкілдері «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынып жатқан нысандардың жай-күйімен танысты

AstanaTV
17.03.2017ж. 20:00
2623
Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясы өкілдері «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынып жатқан нысандардың жай-күйімен танысты

Ақтөбеде «Нұр отан» партиясы фракциясының жанынан құрылған әлеуметтік саланы дамыту бағытындағы комиссия жұмысын жалғастыруда. Облыстық мәслихат депутаттары бюджет қаржысы мен «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағалайды. Жалпы, партия жанында түрлі салаларда бақылау жүргізетін 5 комиссия жұмыс істейді. Бүгін солардың бірі «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы салынып жатқан 4 мектептің құрылысымен танысты.

Жеңісгүл Мұхамбетпайызова, облыстық мәслихаттың депутаты, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту комиссиясының төрайымы:

Құрылыстың барлығына Ұлттық қордан ақша бөлініп тұр. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша. Рейдтің мақсаты - партиялық бақылау, құрылысқа бөлінген қаржының тиімді, мақсатты игерілуі. Мердігерлердің айтуынша, құрылыс өзінің тиісті графигіне сай жүріп жатыр.

Қос бірдей білім ошағы «Батыс-2» шағын ауданында орналасқан. Оның бірінің құрылысы өткен жылы қарашада басталса,  600 орынға шақталған мектеп алдағы оқу жылына дейін пайдалануға берілмек. Жоба құны - бір жарым миллиард теңге. Оның 81 миллионы игерілген. 

Алексей Мартыненко, «Интерстиль» ЖШС учаске басшысы:

Негізінен қазақстандық материалдар пайдаланылуда. Бетон мен кірпіш Ақтөбеден, минплита да елімізден шығарылған. Мұнда 120 адам жұмыс істеуде. Қабаттардың арасын құйып болған соң, тас қалаушылар мен сылақшылар іске кіріседі.