2 қыркүйек күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік орган басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбек ұжымдары қатысады. Жолдауда еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.