Елімізде ұлттық гидрогеологиялық қызметі қайта құрылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша департамент Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан ашылған. Құрамында екі басқарма бар. Бұл қызмет туралы Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында айтқан болатын. Президент судың өзге қазба байлықтан кем емес екенін ескертті. Жерасты суларын ұтымды пайдалану мәселелері енді осы қызметтің ерекше бақылауында болмақ. Суды бей-берекет пайдалана бермей оны үнемдеу технологиялары арқылы қолдану керек, дейді мамандар.
ЖАЙЫҚ ЕРІКҰЛЫ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ ЖЕРАСТЫ СУЛАРЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Ұлттық гидрогеологиялық қызмет елімізде жерасты суларын іздеу-барлау, сонымен қатар ол жерасты суларына мониторинг жүргізу, сонымен қатар өздігінен ағып жатқан иесіз гидрогеологиялық ұңғымаларды бекіту немесе консервациялау бойынша жұмыстарды атқарады.