$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елімізде энергия тапшылығы жыл сайын 3 пайызға артады

29.08.2024ж. 20:00
260
Елімізде энергия тапшылығы  жыл сайын 3 пайызға артады

Елімізде энергия тапшылығы жыл сайын 3 пайызға артады. Бұлай жалғаса берсе алдағы 10 жылда елдің 30 пайызы жарық пен жылусыз қалуы мүмкін. Қазақстан энергетиктері кәсіподағының төрағасы "болашақ атом энергия станцияларында" дейді. Оразбек Бекбастың сөзінше, елімізде 45 жылу және 36 гидроэлектростанция жұмыс істейді. Осыған қарамастан энергия тапшылығы бар. Оған себеп -70% электр станцияларының тозуы. Сондықтан атом электр станциясының құрылысы елді энергия тапшылығынан құтқарып қана қоймай, халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, - дейді. 

ОРАЗБЕК БЕКБАС, ҚАЗАҚСТАН ЭНЕРГЕТИКТЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Электро энергияны импорттан да аламыз, экспортқа да береміз. Экспортқа қарағанда импортымыз 10 есе көп. Ақшалай санағанда экспортқа 60 млн-ға энергия сататын болсақ, ал өзімізге 267 млн-ға Ресейден және Қырғызстаннан сатып аламыз. Сондықтан, қазір ҚАзақстанда электр энергиясын шығаратын мекемелерді салу алдымызда тұрған үлкен мақсат. АЭС-ті салуға қорқатындай ештеңке жоқ.