$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Қалааралық таксиге сұраныс жоғары

29.08.2024ж. 20:00
189
Қалааралық таксиге сұраныс жоғары

Пойызға билет жоқ. Жылда дәл осы уақытта қайталанатын жағдай. Әрі-бері қатынаған жұрт амалсыздан такси қызметіне жүгінеді. Ал қаларалық көліктің бағасы, өздеріңіз білесіздер, арзан емес. Қазір вокзал, сапаржай маңында толған адам. Билет іздеп, діттеген жеріне жете алмай жүргендер жетерлік. Олардың мәселесі қалай шешіліп жатыр? Тілшіміз тарқатады. 

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Вокзалдағы кассада да жоқ екен. Еріксіз құны такси жалдап жетуім керек. Бірақ, оның құны-15 мың теңге. Тек мен ғана емес, қазір жұрттың көбі амалсыз осылай қатынауда. Ал, мереке күндері таксидің ақысы мұнан да қымбат болады.

Алма жұмыс бабымен өзге қалаларға жиі қатынайды. Билетті 45 күн бұрын алуға тырысатын көрінеді. Шұғыл іссапарға шығу қажет болса, билет таппай қиналам дейді. Ал, әуе рейстерінің құны аспандп тұр. Сондықтан амалсыздан таксимен қатынауға мәжбүр. Оның өзі де арзан емес.

АЛМА ҚАЗБАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біздерде Астана-Орал бағытымен тіпті тальго да болған жоқ. Енді ғана ашылып жатыр. 21-ма біріншісі, вот анама бір жұма бұрын алып бердім ашылған күні. Алматыға осы 45 күн бұрын алғанның өзінде тальгоға төменгі орындар тек үш билет тұрды. Қазір шығайын, қазір билет алайын десең билет жоқ. Бір екі күн бұрын, бір жұма бұрын алайын десең ондай билет жоқ.

Қаларалық такси жүргізушілерінің айтуынша, бағаның қымбаттығы тікелей жанармайға байланысты. "Қалтамызға содан артылған тиын-тебен ғана түседі" дейді.

АЙДАР, ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІ:

Мен онлайн қосымша арқылы такси жүргізушісі болғаныма 7 жылдай уақыт болды. Пойыздарға тұрғындар жиі билет таппайды, осындай кезде біздің тариф құны өседі. Мысалы Петроваловскке 5 мың болса, мереке күндері 7 мыңға қатынаймыз. Мен біздің бағаны мүлдем қымбат деп айтпас едім. Себебі ұзақ жолға көп жанармай қажет. Жүктер бар, оның барлығы көлікке де оңай емес.

Таксимен жүрмес үшін, билет алуда «Күту парағын» пайдалануды ұсынады мамандар. Бұл арқылы жолаушы бос орынға кезекке тұрып, билеттерді сатып ала алады. Жыл басынан бері «Күту парағы» қызметін шамамен он жеті мың адам пайдаланған. Жауаптылар, мәселені шешу үшін мұнан бөлек вагон санын көбейткендерін айтады.

САРА САХЫНБЕК, «ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:

Соңғы 10 жылда компания 1 500 жуық заманауи вагон сатып алды. Оның ішінде вагон паркі 2023 жылы және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында - 150-ден астам вагонға толықтырылды. Жаңа вагондар Алматы-Маңғыстау, Алматы-Атырау, Атырау-Астана, Атырау-Маңғыстау, Астана-Шымкент, Астана-Семей, Қызылорда-Семей, Алматы-Жезқазған, Павлодар-Алматы, Павлодар-Түркістан және Атырау-Ақтөбе бағыттары бойынша пойыздар құрамына енгізілді.

Жыл сайын пойызбен орта есеппен 13 млн жолаушы қатынайды. Осы жазда 4,2 миллионнан астам жолаушы тасымалдау жоспарланған. Ал, билет іздейтін адам онан да көп.