$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда Конституция күні атап өтілуде

29.08.2024ж. 20:00
536
Алматыда Конституция күні атап өтілуде

Алматыда Конституция күніне орай облыс және қала мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Конституция – еліміздің егемендігін айғақтайтын құжат» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш жиында архив қызметкерлері айтулы мерекемен құттықтап, арнайы баяндамалармен таныстырды. Мақсат Конституциясының тарихы мен маңызын жас мамандарға насихаттау,-дейді. 

АЛТЫНАЙ БАДАНБЕКОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ҚҰЖАТТАРДЫ ҒЫЛЫМИ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты жас маман архившілерге, қазіргі жастарға мемлекетіміздің тарихын терең біліп, мемлекетіміздің тұғыры болған Ата заң Конституцияның баптарымен таныстыру болып табылады. Архив – ел тарихының қазынасы. Архивте мемлекетімізге байланысты құнды деректер сақталуда. Жас архив мамандары осы құнды деректерді болашақ ұрпаққа аманат етіп табыстау көзделіп отыр.