$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Үй бағасы көтеріле ме?

29.08.2024ж. 20:00
236
Үй бағасы көтеріле ме?

Елімізде баспана бағасы шарықтап тұр. Сарапшылардың зерттеуінше, Қазақстанда үйдің бағасы, Ресей, Қытай, Сауд арабиясы, Грекия мемлекеттерінен де қымбат. Пәтерді жалдау рейтингісі бойынша өткен айда еліміз 43-ші орынға жайғасқан. Ал сарапшылар, баға әлде де көтеріледі дейді 

ӨРКЕН МЫРЗАБЕК, ТІЛШІ:

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда пәтер жалдау ақысы Түркия, Тайландтанда да қымбат. Дәл қазіргі дерек бойынша, Алматыда 50 шаршы метрлі пәтердің құны айына 255 тг, ал Астанада осындай баспанаға ай сайын 209 мың тг төлейсіз.

Мереке Сұлтанбекқызы Алматы қаласында тұрады. Оның айтуынша мегаполистен үй алу өте қиын. Себебі пәтер бағасының қымбат болуы өз алдына бір бөлек.Ал банктен мемлекеттік бағдарламаның талабына сай болып, несие алудың машақаты жетерлік дейді.

МЕРЕКЕ СҰЛТАНБЕКҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы жылы жер алып, үй көтердік. Оны да қалай көтердік? Зарплата деген өте аз. Онымен үй салу мүмкін емес. Себебі үйіміздің барлығын кредитке алып салдық.

Пәтер бағасының алдағы уақытта да қымбаттайтынын сарапшылар растап отыр. Айнұр Сүгірбаева жас отбасыларға пәтер алып беру бойынша кеңес береді. Алдына келген қызмет алушылардың басты мәселесі, мемлекеттің бағдарламамен бірінің баспана алуға жалақысы жетпесе, енді бірінің несие тарихы бұзылған.

АЙНҰР СҮГІРБАЕВА, САРАПШЫ:

Қазіргі таңда бізде, осы нарықта Қазақстан бойынша былай айтса болады, үлкен бір күйзеліске ұшырауы да мүмкін. Банктердің бірінші деңгейлі бар екінші деңгейлі бар ставкасы өсіп жатыр. Бізде баспана алуға көөп заңды қатаңдатып жатыр. Өйткені осыдан екі ай бұрын кредиттік несие тарихы бар жақсы кісіге екі аптадан кейін мақұлданбаған көөп жағдайлар болып жатыр.

Экономистер ірі мегаполистерде баспананың қымбаттауының себебі, шалғай елдімекендерден халықтың үлкен қалаға көшіп келуінде дейді. Соңғы үш жылда жаңа пәтерлердің бағасы 40% артқан.

ГҮЛМИРА ӘЗІРЕТБЕРГЕНОВА, ЭКОНОМИСТ:

Қазіргі сараптама жүргізу бойынша әрбір қаладағы өңірдегі, пәтерлердің бағасына салыстыра келе әр ай сайын 0,5 0,6 пайызға артуы байқалады. Жылдың соңына дейін 1 1,5 пайызға қымбаттауы мүмкін. Дегенменде пәтер алудың қарқыны көп емес. Екінші деңгейлі үйлерді көп алмаса олардың бағасы түспей тұр.

Статистикаға қарасақ, пәтер құны алты қалада қымбаттаған. Әсіресе, Петропавл мен Ақтауда жоғары. Онан кейін Қызылорда тұр. Ал Астанада баға тұрақты.

БАСПАНА БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАДЫ:

Петропавл 4.7 %

Ақтау 3.1

Қызылорда -3 %

Семей 1,9 %

Шымкент, Қарағанды 1,7 %

Алматы 1,3 %

Атырау 1,2 %

Қостанай, Өскемен, Павлодар, Тараз 1 %