$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Алматыда таксидің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болып, үш адам зардап шекті

29.08.2024ж. 20:00
648
Алматыда таксидің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болып, үш адам зардап шекті

Алматыда жол апатынан үш адам зардап шекті. Chevrolet жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, "жол беріңіз" белгісін елемей, қиылысқа шығып, келесі көшемен солтүстік бағытта келе жатқан Geely маркасындағы таксимен соқтығысқан.Нәтижесінде екі көлік те тротуарға шығып кетті.Geely бір дөңгелекпен арыққа құлады, ал екінші машина шам бағанына соғылған. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтап, жол көлік оқиғасын рәсімдеді. 

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Алдын ала болжам бойынша Шевролет маркалы автокөлікті тізгіндеген ер азамат жол жүру ережесін өрескел бұзып, осы жол көлік оқиғасына себепші болды. Қазіргі таңда Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеуге кірісті.