Конституция күні –құқықтар мен бостандықтардың маңыздылығын еске салатын маңызды мереке ретінде азаматтар арасында құқықтық сананы, патриотизм мен бірлікті қалыптастыруға зор ықпал етеді.
Қазақстан Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырушы құжат ретінде халықтың асыл құндылықтарын, мерейлі мұраттарын көрсететін маңызды мәдени жәдігерге айналды.Конституция тек құқықтық акт емес, ол біздің қоғамымыздың тұрақтылығы мен өркендеуіне кепілдік беретін мемлекеттік құрылымның негізі,әділетті және гүлденген қоғам құрудың берік іргетасы, қастерлі Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі.
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. 1993 жылғы Конституцияның негізінде еліміз парламенттік республика моделінде болса, 1995 жылы қабылданған Конституция негізінде президенттік-парламенттік билікке көшті. 1995 жылы қабылданған Конституцияға әр жылдары бірқатар өзгерістер енгізілді.
Кез келген мемлекеттің Конституция қабылдағандағы бірінші мақсаты іргелі мемлекет орнату, мемлекет ішіндегі қарым-қатынастардың мінез-құлқын айшықтау, осылайша ел ішінде өзіндік ереже-тәртіп орнату.
Еліміздіңжаңа тарихындағы кейінгі үш жыл бетбұрыс кезеңі болды. Президенттің бастамасымен күрделі реформалар басталып, Ата заңға енгізілген өзгерістер саяси институттарымыздың тиімділігінің артуына, қоғамдық-саяси өмірді демократияландырудың қарқын алуына нағыздрайвер болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің саяси жүйесін эволюциялық жолмен дамытуға жол ашқан реформалар жайында: «Конституциялық реформадағы басты мақсатымыздың бірі – қоғамда өркениетті саяси дәстүрді орнықтыру. Ол үшін жоғары саяси жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Онсыз тұрақты әрі жан-жақты даму мүмкін емес. Референдумда халықтың қолдауына ие болған конституциялық реформаны жаңа саяси дәуірдің бастауы деуге болады. Бұл өзгерістер еліміздің саяси жүйесін эволюциялық жолмен дамытуға жол ашты. Әділдік, ашықтық және шынайы бәсеке реформалардың негізгі арқауына айналды», деген болатын.
Конституциялық реформа ел тарихындағы жаңа дәуірдің басталуын белгілеп,2022 жылғы 5 маусымда ел тарихында үшінші жалпыхалықтық референдум және Конституцияға түзетулер енгізу бойынша екінші рет конституциялық референдум өткізілді. Осылайша суперпрезиденттік басқарудан президенттік басқару нысанына көшу, билікті монополиядан арылту, қоғамдық-саяси және құқықтық институттарды одан әрі дамыту бағыттары белгіленді.Мемлекет пен қоғамның сындарлы диалогының арқасында Ата заңға өте маңызды өзгерістер енгізілді. Енді біздің Конституциямызды әділет идеясын басшылыққа алған жаңа қоғамдық келісімнің құқықтық құжаты деуге толық негіз бар. Бүгінде еліміз тек өзінің тарихи бірегейлігін ғана емес, қазіргі заманғы әлемдік үдерістерді көрсететін Ата заңымен мақтана алады. Халық билігі, теңдік, бірлік пен заң үстемдігі қағидаттары – елдің ұзақ мерзімді даму бағытын анықтайтын мызғымас құндылықтар.
Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара құрмет пен сенімге негізделген жаңа саяси мәдениет қалыптасуда. Маңызды шешімдер енді азаматтардың қатысуымен ашық түрде қабылданады. Елімізде жүргізілген конституциялық реформалар қоғамды демократияландыру, халық билігінің негіздерін одан әрі нығайту, Парламенттің рөлін күшейту, Үкіметтің дербестігін арттыру жөніндегі негізгі қоғам сұраныстарын ескерді.
Маңызды өзгерістердің бірі Президенттің өкілеттігін шектеуге қатысты болды. Қайта сайлау құқығынсыз бір жеті жылдық мерзімге дейін қызмет ету мерзіміне шектеу енгізілді, бұл биліктің бір қолға шоғырлануын болдырмауға және биліктің көбірек ауысуын қамтамасыз етуге бағытталды. Қазақстанда парламентаризмді нығайту мақсатында Үкіметті қалыптастыру және оның қызметін бақылау процесінде Парламенттің өкілеттігін арттыратын түзетулер енгізілді. Енді Парламент министрлердің кандидатураларын бекітуге және оларды ауыстыру үшін дауыс беруге құқылы.
Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға,сөз бостандығына, жиналыстар мен бірлестіктерге кепілдік беруге, сондай-ақ сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге арналған тетіктер енгізілді. Адам құқықтарын қорғауға және азаматтық қоғамның дамуына жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді.
Конституциялық реформалар демократиялық институттарды нығайтуға және еркін саяси бәсекелестікке жағдай жасауға бағытталған.Мемлекеттік басқарудың неғұрлым ашық және есеп беретін жүйесін қалыптастыру үшін алғышарттар жасай отыра,саяси процеске белсенді қатыса алатын және өз құқықтарын қорғай алатын азаматтық қоғамның дамуына ықпал етеді.
Реформалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы неғұрлым қатаң шаралар жасауды, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың бұзушылықтар үшін жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.
Билікті орталықсыздандыру бойынша биліктің бір бөлігін жергілікті деңгейге ауыстыруды көздейтін басқаруды орталықсыздандыру қадамдары –ресурстарды тиімдірек басқаруға және жергілікті биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталып отыр.
Бұл өзгерістерді нақты саяси ерік-жігермен және азаматтардың қолдауымен нығайту маңызды, сонда олар оң нәтижелер әкеліп, Қазақстанның демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде дамуына ықпал етіп келеді. Реформалар елдің саяси трансформациясы жолындағы маңызды кезең болып, мемлекеттік жүйені модернизациялау арқылы демократияның одан әрі дамуына және мемлекеттік басқару сапасын жақсартуғадаңғыл жол ашуда.
Ел Президенті атап өткендей: «Әділетті Қазақстанды құру үшін өткеннің қателіктерін ескеріп, түзету, жинақталған проблемаларды шешу қажет. Жаңа мемлекеттік саясат, оның сенімі бойынша, келесі үштікке негізделуі керек: «әділ мемлекет – әділ экономика – әділ қоғам». Барлық шешімдер салмақты, ашық және әділ, ең бастысы – азаматтардың мүдделері мен сұраныстарын ескере отырып қабылдануы керек. Дегенмен де, шешімді талап ететін мәселелер әлі де бар. Олар – Президенттің өкілеттіктерін мемлекеттік билік тармақтарына одан әрі қайта бөлу, Парламент мәртебесін нығайту және сот билігінің тәуелсіздік кепілдіктерін күшейту. Еліміздіңтұрақты және гүлденген қоғам құру бағытында белсенді дамуы – осынау кезең-кезеңмен жүзеге асырылып келе жатқан эволюциялық үдерістің нәтижесі.
Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы
Қызылорда қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының
депутаттық фракция мүшесі