$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Референдум нәтижесінде қайта жасақталған конститутциялық сотқа 7500 өтініш түскен

AstanaTV
30.08.2024ж. 09:16
264
Референдум нәтижесінде қайта жасақталған конститутциялық сотқа 7500 өтініш түскен

Референдум нәтижесінде елімізде Конституциялық сот жүйесі қайта жасақталды. Қазір бұл органның құрылғанына 1 жыл 8 айдан астам уақыт өтті. Осы кезеңде әділдік сұрап 7500-ден астам адам өтініш білдірген. Оның мыңға жуығы елдегі нормативтік актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы болған. Сондай-ақ 250-ден астам өтінімге шешім шығарылған. Салтанат Нұрымова бұл – мемлекеттің азаматтардың құқығын қорғауға мүдделі екенін айғақтайды дейді.

Практика жүзінде 50-ге жуық адамдар осы конституциялық соттың негізінде құқықтарын қалпына келтіруде. Азаматтардың көбінесе көтеретін мәселелері - ол конституциямен кепілдік берілген құқықтар. Яғни, заң мен сот алдында жұрттың бәрінің теңдігі, ол қандай да бір кемсітушілікке жол бермеу мәселелері, - дейді Конститутциялық соты аппаратының бөлім меңгерушісі Салтанат Нұрымбетова.