$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Бұл жолы сириялық оппозиция өкілдері келген жоқ...

AstanaTV
18.03.2017ж. 20:00
1734
Бұл жолы сириялық оппозиция өкілдері келген жоқ...

Осы аптада – 14-15-наурызда Сирия бойынша келіссөздердің Астанада кезекті раунды ұйымдастырылған. Interfax.ru порталы апта ортасында –Ресей делегациясынан өзге делегациялардың бәрі кетіп қалды,- деп жазды.

Алдында еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов сириялық оппозиция өкілдерінің келмейтінін хабарлаған. Ал кепіл-елдердің: Ресей, Түркия, Иран, сондай-ақ, БҰҰ, Иордания, Сирия үкіметі делегацияларының оларсыз консультация жүргізуі мағынасыз, әрине. Сириядағы оппозициялық топтардың келмеуінің себебі - Ресейдің кезекті рет әуе шабуылдарын жасауы. «Интерфакске» оппозиця өкілі  Сирияның азат армиясының полковнигі Фарес әл-Бабеш «біздің позицияларымызды әуеден бомбалады, тіпті бейбіт тұрғындарды да. Біз соның кесірінен үйлерімізді тастап шықтық. Сондықтан Астанадағы кездесуге бару мүмкін болмады»,- деген. Ол: «біз Ресеймен адал қатынас орнатқымыз келді. Бірақ өкінішіке қарай, Мәскеу, оң қадам жасамады», деп қосқан... Сирия оппозицонерлері наурыздың 23-не жоспарланған Женева кездесуіне де барып-бармайтындарын әлі талқылайтындарын жеткізген.