$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қазақстан футзал құрамасы жолдастық кездесуде Иранды жеңді

AstanaTV
31.08.2024ж. 00:32
283
Қазақстан футзал құрамасы жолдастық кездесуде Иранды жеңді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Иранмен алғашқы жолдастық кездесуде жеңіске жетті, -деп жазды KAZINFORM

Кездесу барысында қазақстандық Жахангир Рашит, Дуглас Жуниор, Ақжол Дәрібай, Шыңғыс Есенаманов гол соқса, оған ирандық футзалшылар бір голмен жауап қайырды.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласын 4:1 есебімен тізе бүктірді.

Енді ел құрамасы аталған қарсыласымен 1 қыркүйекте тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізеді.

Жиынның қорытынды кезеңі Алматыда 6-10 қыркүйек аралығында болады. 7 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Аргентинамен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, биыл әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді.

Қазақстан құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен кездеседі.