«Орталық» өңірлік қолбасшылығының 3517 әскери бөлімінің қызметшісі қылмыстық істің куәсі болды. Сарбаз жылдам әрекет етіп, қылмыскерді жалғыз қолға түсірді. Бұл туралы ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әскери қызметшінің айтуынша, сүйіктісімен серуендеу кезінде ол «Қазақстан» сауда орталығының жанында 30-35 жастағы екі ер адамды байқаған, олар мас күйінде және сөзге келіп қалған. Бір кезде ер адамдардың бірі қарсыласының бетінен ұрып, сол арада пышағын шығарып, оң жамбасына сұғып алады.
«Мен дереу жедел жәрдем мен полицияға қоңырау шалдым. Барлығы жылдам болды. Қылмыскерді қолынан бұрап, полиция қызметкерлері келгенше ұстап тұрдым. Жәбірленушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оның шалбарын шешіп, жараның қаны тоқтағанша қатты байлап , таңып қойдық. Оның түрі бозарып, жүрек соғысы жиілеп кетті. Жүрегіне массаж жасай бастадым. Осы кезде жәбірленуші терең дем алды. Жедел жәрдем бригадасы келгеннен кейін оны құтқару мүмкін болмағаны анықталды. Ол сол жерде қайтыс болды», - деді 21 жастағы ұландық Ислам-Али Жапар.
Ұлттық ұлан әскери қызметшісі Құрмет грамотасымен марапатталды.