$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елбасы БАӘ вице-президенті шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесті

AstanaTV
27.03.2017ж. 20:00
2562
Елбасы БАӘ вице-президенті шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ вице-президенті шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесті. Тараптар сауда-экономика, қаржы және инвестиция салаларындағы өзара іс-қимыл жайын сөз етті, - деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Дубай халықаралық қаржы орталығы мен әлемге аты әйгілі шахардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Қаржы орталығын тиімді басқару тұрғысында тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталды. Дубай мен Астана халықаралық қаржы орталықтары арасында тығыз қарым-қатынас орнатудың қажеттігін айрықша атап өтті. Дубай әмірлігінің билеушісі бұл бағытта іс-қимыл орнатуға толық дайын екенін жеткізді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев исламдық қаржыландыру ісін дамытып, оны енгізуге үлес қосқаны үшін шейх Әл Мактумге алғыс білдірді. Кездесу соңында Біріккен Араб Әмірліктерінің премьер-министрін Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына шақырды.

Айбек ҚОСАН