Түркияның Анкара қаласынан Қазақстанның Астана қаласына бара жатқан түрік саяхатшылары бүгін Ақтауға жетті. Идил мен Бурак есімді ерлі-зайыпты екі жастағы ұлымен бірге Түркиядан 12-тамызда шыққан. Олар дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өз көзімен көру үшін, елімізге арнайы атбасын тіреді.
– Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тұрақты жанкүйеріміз. Биылғы ойын бауырлас қазақ елінде өтетінін естіп қуандық. Келіп қатысуға Қазақстан туризм министрлігінен рұқсат алдық. Шағын автобус сатып алып, ішін алыс жолға жайлы етіп жабдықтадық. Көлігіміздің атауын жақсы ырымға балап «Көшпенді» деп қойдық. Бүгін атажұртымызда қонақасы жеген соң, Астанаға қарай шығамыз. Сапарымыздың көңілді әрі есте қаларлықтай өтіп жатқанына қуанып келеміз, - дейді саяхатшы Бурак Дуран.
Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.