$504.34 €556.34 ₽5.97
×

Шымкентте белгісіз ер адам полиция қызметкерін пышақтап кеткен

AstanaTV
02.09.2024ж. 01:19
439
Шымкентте белгісіз ер адам полиция қызметкерін пышақтап кеткен

Бұл туралы қаланың Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

1 қыркүйекте жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында патрульдік полиция полкінің инспекторын арқасынан ер адам пышақпен ұрған. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодекстің 380-бабына сәйкес «Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері» қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - делінген ақпаратта.