$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Жаңа Салық кодексінің жобасын әлі де талқылау керек – Айдос Сарым

AstanaTV
02.09.2024ж. 14:24
264
Жаңа Салық кодексінің жобасын әлі де талқылау керек – Айдос Сарым

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Жолдау аясында жаңа Салық кодексін қабылдау мерзімін келесі жылға ауыстыру ұсынысына пікір білдірді. Бұл туралы Kazinform хабарлайды.

«Өкінішке қарай, Үкіметтің өзі аталған құжат жобасын Парламентке жақында ғана енгізді. Бұл құжатта маңызды баптар қамтылған. Әр саладағы тариф және басқа да төлемдерге қатысты бағыттар ескерілген. Егер асығыстық жасап қабылдап жіберсек, таяу арада тағы өзгеріс енгізуге мәжбүр боламыз. Сондықтан Президент Парламентте де, Үкіметте де тиісті пікір алмасу жасап, сарапшылармен және кәсіподақтармен кеңінен талқылау керек екенін тапсырды. Осы сатылардан өтіп, қабылдау керек», - деді.

Бұл тұрғыда депутат жаңа Салық кодексі экономика үшін бірінші құжат саналатынын атап өтті.

«Бұл құжат сапалы дайындалса, бюджеттің толығуы, табыстың келуі оңтайлы болады», - деді ол.

Айдос Сарымның сөзіне қарағанда, бүгінгі Жолдауда барлық салаға қатысты нақты қадамдар ескерілген.