$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Күн суытып, толассыз жауын жауады

AstanaTV
02.09.2024ж. 15:05
264
Күн суытып, толассыз жауын жауады

Синоптиктер Қазақстанның алдағы үш күнге – 2024 жылғы 3-5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдағы үш күнде республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы басым жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

"Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, республиканың солтүстігі мен шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 3 қыркүйекте түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республиканың шығысында түнде және таңертең солтүстік және шығыс облыстарда желдің күші артып, тұман, топырақ бетінде -2°C дейін аяз болады".