$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қызылордалық спортшылар дүниежүзілік көшпенділер ойындарына аттанды

Қызылордалық спортшылар  дүниежүзілік көшпенділер ойындарына  аттанды

Қызылордалық спортшылар дүниежүзілік көшпенділер ойындарына аттанды. Дәстүрлі шараға аймақтан 4 адам 3 спорт түрі бойынша қатыспақ. Әлемдік этноспорттың басты оқиғасына 89 елден 2 мыңнан аса спортшы бақ сынайды деп күтілуде. Олар 21 спорт түрінен сынға түседі. Аймақ намысын қорғайтын спортшыларды Сыр жұртшылығы сән-салтанатымен шығарып салды. Ойынның ажырамас бөліне айналған «Бірлік керуені» көпшіліктің басын қосты. Қазақы салтымызды жаңғыртып, ұлттық спортымызды дәріптейтін көш қала көшелерін жүріп өтті. Аймақ басшысы керуеннің көшбасшысы, «Қазақстан барысы» Мақсат Исағабыловқа «Сауысқандық» шатқалынан алған суды табыстады. Ол торсықтағы суды әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген тіршілік нәрі құйылған Тайқазанға жеткізетін болады. Бұл ұлттардың бірлігін айшықтайды. 

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Көшпенділер ойындары ұлттық сананы серпілтіп, тарихи жадынығң жаңғыртып, ел бірлігін бекемдейді. Сыр өңірінен Астана қаласына жол тартатын киелі су мен батырларымыздың, сенім артқан елшілеріміздің сапары сәтті болғай. Әлем көз тіккен дүбірлі додада сынға түсетін толағайларымыздың мерейі үстем, қазақ елімінің абыройы биік болғай.