$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Конституция күніне орай Астанада «Жәннәт» қойылымы алғаш рет сахналанды

02.09.2024ж. 20:00
275
Конституция күніне орай Астанада «Жәннәт» қойылымы алғаш рет сахналанды

Конституция күніне орай Астанада "Жәннәт" қойылымы алғаш рет сахналанды. Режиссер Мұқанғали Томановтың шығармасын Атырау облыстық Жастар театрының актерлары сомдады. Олар бұл спектакль арқылы қалың көрерменге отбасылық құндылықтарды түсіндірді. 

Қойылымның жанры – драма. Онда бір отбасының арқасүйер ер-азаматы дүниеден озғаннан кейінгі, жалғызбасты ананың басынан өткен оқиғалары бейнеленеді. Оған қоса бір құрсақтан шыққан алты баланың араздығы тағы бар. Осы ауыр жағдайды сезініп, бас кейіпкер, ананың рөлін Гүлнұр Қайырлиева сомдады.

ГҮЛНҰР ҚАЙЫРЛИЕВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ, АКТРИСА:

Ананың рөлін сомдау оңай болған жоқ. Қолымнан келгенше көрсетуге, режиссердің айтқысы келген ойын жеткізуге тырыстым. Пьесса бойынша кенже қызымыз машина қағып кетіп каляскаға отырып қалады. Олда ана үшін үлкен соққы. Бір жағынан жолдасы өліп жатыр. Және оның үстіне бар үмітін артып әкенің орнына әке боп қалады, осы бауырларын алға сүйреді деген баласының жат ағымға кетуі ана үшін үлкен қасірет.

Атырау облыстық жастар театрының негізі қаланғанына небәрі жарты жыл. Яғни, бұл олардың алғашқы гастрольдік сапары. Алда жоспар көп дейді - театр басшысы.

ӘМІРЖАН НҰРЛАНҰЛЫ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Алғашқы біздің гастрольдік сапарымыз болғаннан кейін еліміздің жүрегі Астанадан бастауды жөн көрдік. Алдағы уақытта мінекей осы елордамыздан кейін Ақтөбе облысы бар және Орал облысы біздерді күтіп отыр. Осы бір ізбенен бәрің айналып шығамыз.

Ой салаларлық қойылым қалың көрерменнің жүрегіне жол тапты. Оны тамашалаған астаналықтар қимастықпен тарқасты.