$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Таза Қазақстан" акциясы аясында Алматыда тазалық жұмыстары жүргізілуде

02.09.2024ж. 20:00
491
"Таза Қазақстан" акциясы аясында Алматыда тазалық жұмыстары жүргізілуде

Елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама,-деді Президент. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Алматыда апта сайын тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді. Еріктілерден құралған топ қаладағы Юрий Гагарин мүсінінің жанын қоқыстан тазартты. Бұл – уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруі деген Президенттің сөзін жастар, белсенділер қолдайды. Себебі, Мемлекет басшысы атап өткендей, кейбір санасыз азаматтарымыз табиғатты, көшелерді әлі де ластап жатыр. Осындай адамдардың әрекетіне заң бойынша тосқауыл қою керек. Бір сөзбен, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет. 

Ұлан ЕРБОЛАТҰЛЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Бүгінге дейін 19 учаскіде тазалық жұмыстары жүргізіліп, 25 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Бұл акцияға "AMANAT" партиясынан және де Бостандық аудандық жастар рухынан, партияның бақылау комиссиясынан Бостандық аудандық community орталығынан барлық жастар ұйымдастырылды. Және де партиялық активистердің барлығы ұйымдастырылды.