$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Мемлекет басшысы азаматтардың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударды",-Е.Қарин

02.09.2024ж. 20:00
222
"Мемлекет басшысы азаматтардың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударды",-Е.Қарин

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі бастамалары оның бұған дейінгі жолдауларынан және сайлау алдындағы бағдарламасынан бастау алған реформаларды одан әрі дамытуға арналды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай дейді. Бұл жолы да Мемлекет басшысы азаматтардың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударғанын айтады. Президент атап өткен тоғыз басымдық мемлекеттік саясатты дәл осы міндетті орындауға жұмылдырады. Жолдауда жүзге жуық бастама, түрлі ұсыныстар және тапсырмалар бар. 

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Мемлекет басшысы халықты алаңдатып отырған бірқатар өзекті мәселеге арнайы тоқталды. Оның ішінде интернет-алаяқтық, жол апаттары, әскердегі тәртіп, наркобизнеске қарсы күрес, медициналық сақтандыру жүйесінің кемшілігі, педагогикалық және медициналық кадрлардың тапшылығы, шағын және орта бизнес саласын шектен тыс мемлекеттік бақылау, ауыл шаруашылығы статистикасын бұрмалау сияқты түйткілдер бар. Жолдаудағы көптеген әлеуметтік-экономикалық бастамалар Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың отырыстарында айтқан идеологиялық тұжырымдардың іс жүзінде жүзеге асырылуының көрінісі болғанын атап өткен жөн.