Агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру амалына біртіндеп көшу – аса маңызды екенін Президент жолдауында атап өтті. Сала мамандары мен шаруалар ауылға көңіл бөлінсе, ахуал жақсарып , ел экономикасы еңсе түзейді деген сенімде. Кәнігі диқан, ел ағасы Ибраш Естай ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған бастаманың жемісті болатынына сенеді.Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кететін субсидияны,біртіндеп арзан несие беру тәсіліне ауыстыру дұрыс шешім. Шынтуайтында жалған мәлімет беріп, мемлекеттен қыруар қаржы алатындар шын мәнінде жұмыс істейтін шаруалардың жолын кесіп жүр.Бөлінген қаражат тиімді жұмсалса,ауыл шаруашылығы саласы ілгері басып,ауыл көркейіп, ахуал жақсара түсер еді дейді.
Ибраш ЕСТАЙ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Өтірік субсидия алған, үкіметтің ақшасын жымқырғандар сол мынау егін егіп, мал шаруашылығын бағып жүрген,маңдай терін төгіп жүрген азаматтарға кедергі келтіреді.Мал,малдың еті, егін, бидай бәрі ауылдан шығады.Сондықтан ауылдың жағдайын әлі де қарастыру керек деген біздің Президенттің айтқанына ішімнен қуанып отырмын.
Президент "Ауыл аманаты" жобасы аясында ауыл тұрғындарын қолдаудың жаңа тәсілі енгізілетінін жеткізді."Тауар несиесін" беру талай ауыл тұрғынының өз өнімін өңдеуге,тиімді бағаға сатуға жол ашады.Осы игі бағытта инфрақұрылым құру қажет.Әр аудан азаматтарына түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу керек , деді мемлекет басшысы.Бұл бастама шалғайдағы жеке кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарына мол мүмкіндік бермек.
Балауса ЖҮНІС, КӘСІПКЕР:
Ең бірінші дәнді дақылдарды өсіруге белгілі бір орын ашылатын болса, өнімдер сапалы болады.Екіншіден ауылдағы жұмыс тапшылығын тоқтатады.Яғни жұмыссыздар азаяды.Және жастардың ауылға тартылуына үлкен мүмкіндік көрсетеді.Яғни өз өніміміздің сапасының артуына, жастардың елімізге дамуына үлкен үлес қосуына мүмкіндік береді.