Алматы тауына қар түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, алдағы күндері ауа райы суып, нөсер жаңбыр жауады.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Республиканың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады.
3 қыркүйекке қараған түні елдің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде солтүстік-батыс антициклон сілемімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжануда. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік және шығыс аймақтарда тұман болып, 2 градусқа дейін аяз болады.
"Сондай-ақ күндіз республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +8 дейін...+15, оңтүстікте +20 дейін...+28 градус температураның біртіндеп төмендеуі күтілуде", - делінген синоптиктердің хабарламасында.