Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қазақстан мұнай өндіру көлемін арттырады

AstanaTV
28.03.2017ж. 20:00
3123
Қазақстан мұнай өндіру көлемін арттырады

Қазақстан мұнай өндіру көлемін қысқартпайды, керісінше, арттыра алады. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ОПЕК елдері тарапынан өндіріс көлемін қысқарту бойынша міндеттемені орындауда бірыңғай әдістеме жоқ екенін айтты.

Мәселен, қаңтарда Қазақстан міндеттемені асыра орындап, 20 мың баррельден астам шектеу болды. Ал ақпанда біршама аздау. Наурызда өндіріс көлемі сәл артса, сәуірде азаяды, - деді министр. Бұл табиғи-климаттық және кен орнындағы жағдайға қатысты болып отыр. Ведомство басшысының сөзінше, ірі кен орындарының көбі өндіру көлемін миллион тоннаға дейін азайтқан, ал Қарашығанақ пен Қашаған кен орындары мұнай өндіруді ұлғайтады. Қанат Бозымбаев ОПЕК аясында мұнай өндіруді қысқарту туралы келісім жайына да тоқталды.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Мұнай өндіруді қысқартуға байланысты пікірлесетін негізгі екі ел - Сауд Арабиясы мен Ресей. Олар қазір алдын ала кеңес жүргізіп жатыр. Келісімшартты созуға байланысты сәуір және мамыр айларында ОПЕК елдері аясында кеңес болады деп жоспарланған. Қазір алдын ала шешім шығаруға болмайды. Бұл Қазақстанға да қатысты. Келісімді созамыз ба, жоқ па - дәл қазір оны айта алмаймын. Себебі келісімді созудың қағидаттарын білмеймін.