Атлант мұхитының терең түбінен шыққан «Титаниктің» тұмсығы бейнеленген сурет ең танымал суреттердің біріне айналды. Алайда, лайнердің апатқа ұшырауын зерттеуші жаңа экспедиция кеме қаңқасы баяу, бірақ нық қирағанын анықтады: ондағы металл қоршаудың бір бөлігі құлаған, деп жазады ВВС.
«Титаник» кемесінің (бұл жерде Леонардо Ди Каприо мен Кейт Уинслетпен түсірілген аттас фильмнің ең әйгілі сахнасы болған) жаңа суреттерін су асты роботтары осы жазда түсірген.
Алынған фотосуреттерден кеме қалдықтарының су астында 100 жылдан астам уақыт ішінде қалай өзгергенін көруге болады.
Титаник 1912 жылы айсбергке соғылып батып кетті, салдарынан 1,5 мың адам қайтыс болды.
«Поп-мәдениеттің арқасында кеме тұмсығы бірден танымалдылыққа ие болды. Суға батқан кеме туралы айтқанда, адамдар бірден соны еске алады. Бірақ қазір ол басқаша көрінеді», — дейді экспедиция жүргізген RMS Titanic Inc компаниясының қызметкері Томасина Рэй.
Зерттеу авторлары ұзындығы шамамен 4,5 метрді құрайтын қоршау бөлігі соңғы екі жылда құлады деп санайды.
2022 жылғы экспедиция кезінде түсірілген кеме қаңқасының фотосуреттері мен сандық сканерлеуі қоршаудың ол кезде орнында тұрғанын көрсетеді. Бірақ ол кезде құлауға шақ тұрған.
«Металл бір-ақ сәтте шыдамай құлап түсті», — дейді Рэй.