Египетте 1-8 қыркүйек аралығында информатикадан IOI-2024 халықаралық олимпиадасы өтеді. Оған 90 елден 350 оқушы қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасының қатарында:
Максим Цой – Алматы қ. РФММ 10 сынып оқушысы;
Ахмет Иса – С. Шаухаманов атындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» Қызылорда облыстық лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
Назар Серазитдинов – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы;
Мансұр Таймас – Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.
Қатысушылар әрқайсысы 5 сағатқа созылатын екі турда бақ сынайды. Халықаралық жарыстарға дайындық үшін қазақстандық оқушылар бұған дейін жетекші университет базасында оқу-жаттығу жиындарынан өткен.