Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қылмыстық кодекстің 15 бабы бойынша азаматтықтан айыру жазасы қолданылуы мүмкін

AstanaTV
28.03.2017ж. 20:00
3753
Қылмыстық кодекстің 15 бабы бойынша азаматтықтан айыру жазасы қолданылуы мүмкін

Қылмыстық кодексте жазаның жаңа түрі пайда болуы мүмкін. Конституциялық реформа негізінде өзгеріп жатқан заңнамаға сәйкес кей қылмыскерлер азаматтықтан айырылуы ықтимал. Құжат қазір талқылану үстінде.

Жаңа редакцияда "Мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүддесіне ауыр зардабын" тигізгендер аталған жазаға кесіледі делінген. Барлығы 15 бап. Мәселен: Басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, Жаппай қырып-жою қаруын өндiру, Геноцид, Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу, Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру, Қарулы бүлiк, Экстремистік топ құру, Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету секілді баптар. Бір айта кетерлігі, аталған баптар бойынша өлім жазасына кесу бұрыннан бар. Тек, мораторий болған соң қолданылмайды.

Дархан Игембаев, ҚР Әділет министрлігі, заңнама департаментінің директоры:

Өлім жазасын ешқандай жерге енгізіп жатқан жоқпыз біз, бар болғаны енгізіп жатқан жазаның түрі - ол азаматтықтан айыру. Оны күшейтіп те жатқан жоқпыз, я азайтып жатқан жоқпыз. Бар болғаны азаматтықтан айыруды енгізіп жатырмыз.

Заң жобасын әзірлеуге 2 ай берілген. 13 мамырда құжат Параламентке түсуі тиіс. Әзірше, жалпы талқылау үшін, Әділет министрлігінің ресми сайтына салынды. Үкімет отырысында министр Бекетаев жобаны жаппай талқылауға әлі ерте деген. Бірақ түс ауа ведомство журналистерге  брифинг өткізді.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ