Кереку
өңірінде «Нұр Отан» партиясының көмегімен тұрғындардың мәселесі оң шешілуде. Партияның Павлодар облыстық филиалындағы қоғамдық қабылдауға жыл басынан бері
700-дей шағым түскен. Оның 30 пайызы оң шешімін тапса, қалғаны тиісті
органдардың қарауына жіберілді.
Мәдина Болатбаева тұңғышының денсаулығы сыр бергенін айтады. Түрлі
тексеруден кейін дәрігерлер бүлдіршінге «аутизм» диагнозын қойған. Ол кезде
отбасы Курчатов қаласында тұрыпты. Отағасы әскери бөлімде келісімшарт негізінде
қызмет еткен. Шаһарда мұндай сырқатқа шалдыққан балғындарды емдейтін орталық
жоқ. Сондықтан Павлодарға көшіп келуді ұйғарады. Бірақ қызмет бабымен ауысу
мәселесі созылып кеткен.
Мәдина Болатбаева, Павлодар қаласының тұрғыны:
Небары үш күннің ішінде шешімін тапты. Қуанғаннан жылап алдым. Қызым тиісті ем-домын қабылдап, кәсіби мамандардың тікелей бақылауында болмақ. Арнайы балабақшаға барады. «Нұр Отан» партиясының белсенділеріне алғысым шексіз. Барлық бағыт бойынша кеңес беріп, көмектесті.
Жұлдыз Тәйкебаева, «Нұр Отан» партиясы ПОФ төрағасының орынбасары:
Бұл
өте қуанышты хабар болды. Өйткені Мәликаға Павлодарда емдеуге жағдай бар.
Дәрігерлердің көмегі тиеді. Және қарашада бізде осындай «аутизм» диагнозы бар
балаларға арналған орталық ашылған.