$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан облысының 3 ауданында мал ұрлаған барымташылар ұсталды

AstanaTV
03.09.2024ж. 15:45
272
Түркістан облысының 3 ауданында мал ұрлаған барымташылар ұсталды

Түркістан облысында мал ұрлаумен айналысқан адамдар тобы ұсталды.

Олар Ордабасы, Арыс және Бәйдібек аудандарының аумағында мал ұрлаған. 3 күдіктінің екеуі бұрын сотты болған.

«Бүгінгі таңда жедел уәкілдер шығыны 7 миллион теңгеге жуық болатын мал ұрлығының 10-нан астам фактісіне қатысы барын анықтады. Күдіктілер көбіне сиыр мен қой ұрлаған. Содан кейін ұрланған малды Шымкент қаласына өткізіп отырған. Полицейлер тінту шараларын жүргізу кезінде ұрланған малдың бір бөлігін тәркілеп алып, заңды иелеріне қайтарып берді», - деп хабарлады ПД.

Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.