Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам. Сондықтан 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын деді Президент. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Техникалық мамандықтар бойынша мәртебесін арттыру бойынша кешенді мәселелер жүргізіледі деді. Ол, әрине үкіметтің мойнындағы үлкен жұмыс болады. Оның ішінде оқыту мәселесі бар, қаржыландыру бар, жаңа зертханаларды сатып алу мәселесі бар. Сондықтан, әрине бұл жерде бағдарламаларды жаңарту керек. Инфрақұрылымы жаңарту керек. Қаржыландыру жүйесін арттыру керек. Сонымен қоса осы мамандықтар бойынша жалақы жоғары болатын болса осы мамандықты жақсы, мықты түлектер келіп таңдайтын болады.
Мемлекет басшысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек екенін қадап айтты. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді деді Президент.