$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Сержант Ислам Жапар «Ұлттық ұлан үздігі» медалімен марапатталды

03.09.2024ж. 20:00
274
Сержант Ислам Жапар «Ұлттық ұлан үздігі» медалімен марапатталды

Сержант Ислам Жапар «Ұлттық ұлан үздігі» медалімен марапатталды. Төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін жүлдені Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов табыс етті. Ол Исламға өз атынан және әскери қолбасшылық атынан ризашылығын білдіріп, осындай ұлды тәрбиелегені үшін ата-анасына алғыс айтты. Еске салайық, оқиға мереке күні болған. 21 жастағы Ислам сауда орталығының маңында екі ер адамның жанжалдасқанын көреді. Бірі екіншісіне пышақ сұғып алған. Сол кезде өтіп бара жатқан Ислам 103 және 102 қызметтеріне хабарласып, полиция келгенше шабуылдаушыны өз бетінше бөгеген. Сондай-ақ ол зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетті.