$478.93 €534.96 ₽5.16
×

"Әкімдерді сайлау өзін-өзі басқару принциптерін дамытатын тетіктердің бірі", - саясаттанушы

"Әкімдерді сайлау өзін-өзі басқару принциптерін дамытатын тетіктердің бірі", - саясаттанушы

Келер жылдан бастап аудан және қала әкімдері сайлау арқылы қызметке тағайындалады. Мемлекет басшысы Жолдауда тікелей сайлау жүйесін енгізуді тапсырды. Былтыр елімізде аудан және облыстық маңызы бар қалалардан 45 әкім жаңа жүйе арқылы қызметке келген. Олардың жұмысы сараланып, бұл тәсілдің тиімді екені анықталған. Сондықтан Президент жаңа жүйеге келер жылдан бастап біржола көшетінін жеткізді. Сарапшылар да мұның тиімді екенін айтады. 

БАУЫРЖАН СЕРІКБАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Бұл жергілікті жердегі мемлекеттік басқаруды жетілдіретін заманауи форматта және халқымыздың тікелей осы сайлау арқылы мемлекеттік басқару ісіне араласуын қамтамасыз ететін реформалардың бірі деп көрсетуге болады. Яғни бұл біздің мемлекеттімізде жергілікті басқару, өзін-өзі басқару принциптерін, механизмдерін дамытатын тетіктердің бірі. Мұның біз алдағы уақытта жемісін көретін боламыз деп есептеймін.

Ал ауыл әкімдерін сайлаудың жаңа әдісі 2021 жылы енгізілді. Осы уақытқа дейін 2 жарым мыңға жуық әкім тұрғындардың таңдауымен тағайындалды. Халықтың қалауымен ауыл әкімі болғандардың 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте болмаған. 

ДАМИР БЕЛГІБАЕВ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Сол жобаның нәтижесінің арқасында сайлау жүйесіндегі осы қала әкімдерін сайлауда бір дұрыс бағытқа қойылып өз нәтижесін бере жатады деген сенімде айтуға болады. Өйткен қазіргі таңдағы аудан әкімдерінің сайлауының дұрыс нәтижесі осы қала әкімін сайлауының қажет екендігін көрсетті деп айтсақ болады.