$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталды

03.09.2024ж. 20:00
461
Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталды

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталды. Доданың биыл осыдан бес мың жыл бұрын адамзат баласы алғаш рет жылқы малын қолға үйреткен Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы тарихи Ботай елдімекенінен бастау алуы тегін емес. Дүбірлі дода «AMANAT» партиясы мен Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіліп жатыр Дәл осы жерден түрлі елдерден келген шамамен 85 шабандоз 500 шақырым жолды жүріп өтіп, көшпенділердің мәдени кодының бірегейлігін көрсетеді. Ат жарысына 9 қазақстандық команда, оның ішінде екі әйелдер команда қатысуда. Сондай-ақ жарысқа Түркия, Венгрия, Иран, Оңтүстік Африка Республикасы, Қырғызстан және Ресейден, атап айтқанда, Татарстан, Кабарда-Балқария және Қарашай-Шеркесиядан келген 8 шетелдік топ бақ сынайды. Әр командада 5 шабандоз және 5 жүйрік бар. 

ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

"Ұлы дала жорығы" марафонын бастағалы отырмыз. Бұл 5-ші дүниежүзілік спорттар ойындарының үлкен бір бастама. Өздеріңіз білесіздір осыдан екі жыл бұрын президентіміз Қасым -Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен осы аламан бәйге басталған болатын. Бүгін үшінші рет өтіп жатыр. Бүгінгі жарыстың ерекшелігі халықаралық деңгейде өтіп жатыр.

Шабандоздар Лобаново ауылынан Астанаға дейін 500 шақырым қашықтықты жүріп өтеді. Марафон әрқайсысы 100 шақырымнан тұратын 5 кезеңге бөлінген. Дүбірлі додаға қатысушылар мен көрермендер ежелгі түріктердің қасиетті және тарихи орындарын аралауға мүмкіндік алады.