$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елімізде 12 миллион сайлаушы тіркелген

03.09.2024ж. 20:00
326
Елімізде 12 миллион сайлаушы тіркелген

«Республикалық референдум туралы» заңнаманы жетілдіру мақсатында тиісті конституцияға түзетулер енгізілді. Ондағы өзгерістерді жауаптылар бүгін Орталық референдум комиссиясының отырысында жіпке тізді. Мәселен, ұлттық және халықаралық байқаушылардың, сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдерінің құқықтары мен міндеттері бекітілді. Бұдан өзге референдумға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу жүргізу енгізілді. Елде Атом электр станциясын салуға қатысты республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу Орталық сайлау комиссиясы мен аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелді. Ал бюллетенде «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген жалғыз сауал болады. Айта кету керек, бұл Қазақстандағы осымен 4-ші рет өткізіліп отырған референдум болмақ.

ШАВХАТ ӨТЕМІСОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

БАҚ, онлайн платформалар сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялау кезінде сауалнама жүргізген заңды тұлғаны, сауал салуға тапсырыс берген және оған ақы төлеген адамдарды, сауалнама уақытын, ақпарат жинау тәсілін, сұрақтың нақты тұжырымын, сұралғандардың санын, сауал салу нәтижелерінің қателік коэффициентін көрсетуге міндетті.

Қазір елде 12 миллионнан астам сайлаушы тіркелген. Олардың ең көбі Алматы қаласынан. Сондай-ақ 63 мемлекетте орналасқан 78 шетелдік сайлау учаскелерінде де азаматтар дауыс бере алады.

НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазір мына өзгерістерді енгізген кезде депутаттар бастамашылыққа нені алды: сайлау туралы конституциялық заңның қалыптасқан, сайлаушы үйренген, қоғам үйренген нормаларды осы референдум туралы конституциялық заңға енгізуді көздейді. Әрине, бізбен ақылдасып отырды, өз пікірлерімізді айтып отырдық.