$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Жауапкершілік жүгін түсінеміз", - мұғалім

03.09.2024ж. 20:00
307
"Жауапкершілік жүгін түсінеміз", - мұғалім

Жасанды интеллектіні дамыта білген елдердің ішкі жалпы өніміне айтарлықтай үлес қосуы мүмкін. Әлемде алдағы бірнеше жылда осы салаға бір триллион доллардан астам инвестиция салынады деген болжам бар. Президенттің осы салаға басымдық беруінің сыры осында. Енді жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орната отырып, кадр саясатына мән беру межесі тұр.

ЖАНДОС БАЗАРТАЙ, ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:

Келесі жылы Астана қаласында жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылады деген баспама өте көп адамға ұнады. Енді осы біздің университетімізден ашылған жасанлы интелект институты мен мен осы ұлттық орталық арасындағы байланысты нығату, үлкен жобаларды әкелу, елімізге қажетті жасанды интелект саласындағы маңызды бастамаларды жасауға мүмкіндіктер ашылып жатыр.

Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер. Қабілетті жастарға жол ашу үшін Президент жоғары оқу орындарына талапты күшейтуді тапсырды. 

Баян БАЗАРҒАЛИЕВА, ДАРЫНДЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Мемлекет басшысы ұстаздардың ұлттың зияткерлік қуаты екендігіне тоқталды. Ең басты шешуші тұлға мектептегі педагог екендігіне тоқталды. Яғни, мұғалімнің жауапкершілігін және еліміздің болашағын даярлаудағы ерең еңбектерін жоғары бағалады деп ойлаймын. Және осы тұста біздер мұғалімдер қауымы Мемлекет басшысының талабына артып отырған сеніміне сәйкес жолдауда айтып отырған мәселелерді қолдай отырып үлкен жауапкершілікпен еңбек атқарамыз деп сенім білдіремін.