$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Автотұрақта тұрған 5 көлікті талқандаған

AstanaTV
03.09.2024ж. 22:06
227
Автотұрақта тұрған 5 көлікті талқандаған

Қарағандыда автотұрақта тұрған бірнеше көлікті белгісіз біреу талқандап кеткен.

Пабликтердің бірі Сарыарқа көшесіндегі автотұрақтан видео жариялады. Оқиғаға қатысты Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«2 қыркүйекте сағат 00.41 шамасында Сарыарқа көшесінде рено, шевроле, ниссан, мерседес және тойота атты бес автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Зардап шеккендер жоқ. Көлік құралдары механикалық зақымданған. Бұл факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.